+7 (701) 759 90 19
USD 397.56 EUR 445.94
RUB 5.82 CNY 55.96
Jańalyqtar

Төтенше жағдайда жұмыс істеп жатқан азаматтардың еңбегі ерен - сенатор

2020 жылғы 31 наурыз 15:30
Бөлісіңіз:
Төтенше жағдайда жұмыс істеп жатқан азаматтардың еңбегі ерен - сенатор

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Парламенті Сенатының депутаты, Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің төрағасы Мұрат Бақтиярұлы елдегі төтенше жағдайға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Әлемге таралған бұл індет көптеген елдерді тығырыққа тіреді. Оның ішінде біздің елді де айналып өткен жоқ. Осыған байланысты елімізде төтенше жағдай енгізіліп, Президент пен Үкімет тарапынан нақты шешімдер қабылданып жатыр. Алдымен екі қала Нұр-Сұлтан мен Алматы, содан соң кешелі бері бірқатар облыс орталықтары да карантинге жабылып жатыр. Бұл – дұрыс шешім. Себебі коронавирус індетінен құтылудың бірден бір жолы ол – үйден шықпай оқшаулану. Осындай жағдайда алдымен медицина саласы мамандарына негізгі ауыртпалық түсетіні ақиқат. Содан соң полиция қызметкерлері де ерекше рөл атқаруда. Осы мамандардың жұмыстары күшейтілген режімге ауыстырылып, олар 24 сағат бойы тынымсыз еңбек етуде. Сонымен қатар халықты азық-түлік және басқа күнделікті қажетті заттармен қамтамасыз етуші қызметкерлердің еңбегін ерекше атап өтіп, алғысымызды білдіреміз. Төтенше жағдайда жұмыс істеп жатқан азаматтардың еңбегі ерен», - деді М. Бақтиярұлы.

Ол Сенат депутаттары өз кезегінде медицина мамандарының жалақысын өсіріп, оларға қосымша еңбекақы төлеу ұсынысын қолдайтынын айтып өтті.

«Біраз елдер төтенше жағдайға байланысты шұғыл шешімдер қабылдап жатыр. Соның ішінде тынымсыз еңбек етіп жатқан дәрігерлерге жағдай жасау да бар. Президентіміз бен Үкімет басшысы елде төтенше жағдай енгізілген күннен бастап мәселені назарда ұстауда. Біз сенаторлар өз кезегімізде медицина саласы мамандарының жұмысына құрметпен қарап, оларға көрсетілетін көмекке қатысты ұсынысты бір ауыздан қолдаймыз», - деді ол.

Сонымен қатар депутат Мұрат Бақтиярұлы бүгінде Сенат жұмысының тоқтап тұрмағанын айта келе, жұмыстың қашықтан онлайн түрде жүріп жатқанын алға тартты.

«Біз осы соңғы екі апта көлемінде қашықтан жұмыс істеу режіміне көштік. Заңнамаларды онлайн түрде талқыға салып, арнайы чат арқылы бір-бірімізбен пікір алмасудамыз. Яғни Сенаттың жұмысы тоқтап тұрған жоқ. Айтар болсақ, алдағы сәуір айының 9-ы мен 30-ы аралығында бірнеше заңнама қабылданатын болады. Ол заңдар қаржы, ішкі көші-қон және еңбек салаларына қатысты. Аталған салаларға қатысты министрліктің мамандары қажет болған жағдайда біз тек бір маманды немесе әзірлеушіні шақырып, сол кісі арқылы барлық сұрақтарға жауап аламыз немесе ұсынысымызды білдіреміз. Одан да басқа Төрағаның тікелей тапсырмаларын онлайн түрде алып, онлайн түрде жауап берудеміз», - деді сенатор.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Сенат, Карантин,
Бөлісіңіз:

Автор:

Руслан Ғаббасов

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT