+7 (701) 759 90 19
USD 428.05 EUR 501.2
RUB 5.47 CNY 63.87
Jańalyqtar

Төтенше жағдайда несиесін кешіктіргендерге айыппұл есептелмейді - Асқар Мамин

2020 жылғы 17 наурыз 10:05
Бөлісіңіз:
Төтенше жағдайда несиесін кешіктіргендерге айыппұл есептелмейді - Асқар Мамин

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Төтенше жағдай кезінде төлемін кешіктірген қарыз алушыларға айыппұл есептелмейтін болды. Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Төтенше жағдай кезінде несиесін төлей алмаған қарыз алушыларға айыппұл есептелмейді. Банктер кәсіпкерлерге төлемдерді кейінге қалдыру мүмкіндігін жасауы керек. Отандық бизнес бірдей шарттармен қосымша қаржылық жүктемесіз қолданыстағы бағдарламалардың жеңілдікті қолдау шараларын пайдаланады», - деді Үкімет басшысы.

Оның атап өтуінше, ішкі сұраныс пен ұсынысты ұлғайтуда агроөнеркәсіптік кешенді дамытудың әлеуеті мол.

«Осыған орай агроөнеркәсіп кешені саласында кредиттеудің жаңа тетігі енгізіледі. Ол агроөндірушілер үшін қаражат қолжетімділігін арттыруға бағытталады», - деді Асқар Мамин.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Марлан Жиембай

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT