Төтенше жағдай туралы хабарлап отыратын мобильді қосымша іске қосылды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда төтенше жағдайлар туралы жедел хабарлауға мүмкіндік беретін тегін мобильді қосымша іске қосылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат қалалық төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасап.

Жобаны Smart Almaty концепциясын іске асыру аясында Алматы қаласының төтенше жағдайлар департаменті мен Алматы қаласының даму орталығы және қазақстандық «I2NIK» ЖШС бірге жасап шыққан.

«Мобильді қосымшаны ОС Android және IOS базасында смартфон мен планшет иелері қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде пайдалана алады. Қазіргі уақытта қосымшаны 2000 желі пайдаланушысы жүктеп алған. «Darmen» қосымшасын өңдеу үшін Жапония мен АҚШ-ың ұялы қосымшалар арқылы халыққа хабар беру тәжірибесі қолданылды. Бұл ретте біздің қосымша бірнеше секундтың ішінде Алматы қаласының маңайында орын алған төтенше жағдайлар (дауылды ескерту, жер сілкіну және тағы басқа) туралы халықты жылдам хабардар етуге мүмкіндік береді» делінген хабарламада.

Қалалық ТЖД «Қазгидромет» және Сейсмологиялық эксперименттік-әдістемелік экспедиция қызметтерінен жедел деректерді алғаннан кейін хабарландыру жасайды. Ары қарай төтенше жағдайлар департаментінің жедел кезекшісі деректерді жүйеге енгізіп, push қосымшасын қолданатын желі пайдаланушыларына тез арада хабарлама арқылы жібереді.

Ұялы қосымшалар сынақтан өтті және алдында қолданылған SMS-хабарламамен салыстырғанда хабарландыруларды тез жеткізу бойынша жоғары тиімділігін көрсетті. Сонымен, 2019 жылдың 15 сәуірінен бастап ТЖД қала тұрғындарына төтенше жағдайлар туралы SMS-хабарламамен бірге «Darmen» қосымшасы арқылы хабарлайтын болады.

Аталған қосымшаны App Store, PIay Market дүкендерінен «Darmen» деген атпен жүктеуге болады.

Соңғы жаңалықтар