+7 (701) 759 90 19
USD 408.61 EUR 454.09
RUB 5.86 CNY 57.28
Jańalyqtar

Төтенше жағдай режимін бұзған Қарағанды облысының үш тұрғыны 10 күнге қамалды

2020 жылғы 8 сәуір 11:27
Бөлісіңіз:
Төтенше жағдай режимін бұзған Қарағанды облысының үш тұрғыны 10 күнге қамалды

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Полиция қызметкерлерінің ескертуіне қарамастан кейбір азаматтар төтенше жағдай режиімн бұзып отыр. Тәртіп сақшылары ТЖ режимін бұзған үш адамды қамауға алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

4 сәуір күні полиция қызметкерлері мен ҚМ әскери қызметшілері «Соқыр» бекетін дала арқылы айналып өтуге тырысқан 26 жастағы Қарағанды тұрғынын ұстады. Жігіттің айтуынша, ол ата-анасымен ұрысып, Балқаш қаласына дейін жаяу өткісі келген.

Полицейлер ұстаған тағы бір 26 жастағы Нұр-Сұлтан қаласының тұрғыны 6 сәуір күні Балқаш қаласына жұмыс бабымен бара жатып, өз автокөлігімен екі жолаушыны блокпост арқылы өткізбек болған.

Сол күні тағы бір 42 жастағы ер адам блокбекеттен өтіп кетпек болған.

«Құқық бұзушыларға қатысты барлық фактілер бойынша ҚР ҚК 476 бабы 1 тармағы бойынша әкімшілік хаттама жасалды. Қарағанды қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының қаулысымен тәртіп бұзушылардың әрқайсысы 10 тәулікке әкімшілік қамауға алынды», - деп хабарлады Қарағанды облысы ПД баспасөз қызметі.

Қарағанды облысының полиция департаменті ҚР ӘҚБК 476-бабына сәйкес карантинді бұзғаны үшін айыппұл (10 АЕК немесе 26510 теңге) немесе 15 тәулікке дейін қамау көзделгеннін тағы бір мәрте ескертеді.

Қарағанды облысында барлығы 18 блокпост пен 17 санитарлық бекет жұмыс істейді. Олардың барлығы асханаға арналған үй-жайлармен, демалыс бөлмелерімен, биодәретханалармен, сондай-ақ жұмысқа қажетті техникамен және жабдықтармен жабдықталған.

Жергілікті атқарушы билік органдары блокпост пен санитарлық бекеттерде жұмыс істейтіндердің барлығын үш мезгіл тамақпен қамтамасыз етеді.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Агата Мухамеджанова

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT