Төтенше жағдай режимі тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін керек - ТЖД

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Нұр-Сұлтан қаласы төтенше жағдайлар департаментінің бастығы Бауыржан Сыздықов төтенше жағдай режимі не үшін жарияланатынын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«23 қаңтардан бастап ауа райы бұзылды. Нұр-Сұлтан қаласынан шығатын барлық жол жабылды. Осыған байланысты 24 қаңтарда елорда әкімі Алтай Көлгіновтың төрағалығымен қалалық төтенше жағдайлардың алдын алу және жою бойынша отырыс өтті. Бүгіннен бастап төтенше жағдай режимі жарияланып отыр. Барлық жерде азаматтық қорғау қызметкерлері жұмыс атқарды. 23 қаңтардан бастап бүгінге дейін 645 адам құтқарылды. Олардың бәрі Нұр-Сұлтан қаласының маңындағы 50 шақырымға дейінгі жерлерден құтқарылды. Ең бастысы - құтқарылғандардың бәрі аман-есен», - деді Бауыржан Сыздықов қалалық әкімдікте өткен брифингте.

Ол биыл қалаға қанша қар жауғанын айтты.

«Биыл қар мөлшері былтырғы осы уақытпен салыстырғанда үш еседен асып түсті. Төтенше жағдай жариялаудағы міндет - халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін азаматтық қорғау жүйесі іске қосылады. ТЖ режимі кезінде мектептер мен колледждерде сабақ тоқтатылып, экономикалық нысандарда жұмыс болмауы мүмкін. Сондай-ақ қалаға кіретін-шығатын жолдар жабылуы мүмкін», - дейді ол.


Соңғы жаңалықтар