+7 (701) 759 90 19
USD 421.58 EUR 496.83
RUB 5.53 CNY 62.2
Jańalyqtar

Төтенше жағдай режимі: Кәсіпкерлер мүлік салығынан босатылуы мүмкін

2020 жылғы 19 наурыз 20:18
Бөлісіңіз:
Төтенше жағдай режимі: Кәсіпкерлер мүлік салығынан босатылуы мүмкін

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанда кәсіпкерлік субъектілерін мүлік салығынан босату мәселесі қарастырылып жатыр. Бұл туралы «Атамекен» ҰКП кәсіпкерлерді құқықтық қорғау департаментінің директоры Шыңғыс Темір айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Қазақстанда коронавирустан айыққан науқастар саны 102530-ға жетті Өткен тәулікте  69 адам коронавирус инфекциясын жұқтырған Қарабұлақ ауылында коронавирус жұқтырған соңғы пациент ауруханадан шықты

«Жалға беруші жалдау ақысын талап еткенде жалға алушы оны төлей алмайды. Қазір оның қызмет түріне тыйым салынса, онда бұл жағдайдан шығудың бірнеше жолы бар. Егер осы мерзімдегі жалдау ақысын тоқтатуға келісе алмасаңыз, төлемді кейінге қалдыру әдісін қарастыра аласыз», - деді Ш. Темір онлайн-брифингте.

Сонымен бірге, «Атамекен» ҰКП Үкіметпен бірлесіп, жалға берушілер үшін қаржылық міндеттемелердің кейбір түрлерін жеңілдету нұсқаларын қарастыруда.

«Жалға беру де бизнес болып саналады, жалға берушінің несие және салық сынды өз міндеттемелері бар. Осыған байланысты біз бизнесті салықтан босатуды ұсынып отырмыз. Яғни, салық төлеушілердің белгілі бір санатын белгілі бір салық түрлерінен босатуды ұсынамыз. Қазіргі уақытта кәсіпкерлік субъектілерін, кәсіпкерлер мен заңды тұлғаларды мүлік салығын төлеуден босату мәселесі пысықталуда. Осылайша қиындыққа тап болған кәсіпкерлерге көмектескіміз келеді», - деді Шыңғыс Темір.

Бұған дейін палата өкілі қазақстандық кәсіпкерлерге форс-мажор жағдайын растайтын анықтаманың тегін берілетінін мәлімдеген еді.

Сондай-ақ «Атамекен» ҰКП төтенше жағдайдың жариялануынан зардап шеккен кәсіпкерлер туралы баяндады.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Айжан Серікжанқызы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT