Төтенше жағдай режимі: Барлық діни рәсім шаралары уақытша тоқтатылады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрілігі Төтенше жағдай режимі кезеңінде барлық ғибадат орындарында діни рәсім шаралары уақытша тоқтатылатынын мәлімдеді. Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісі ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Министрлік таратқан ресми мәлімет бойынша, төтенше жағдай кезеңінде діни нысандардың жұмысы мынадай тәртіппен шектеледі:

«2022 жылдың 5-19 қаңтар күндері аралығында Қазақстанның бүкіл аумағында Төтенше жағдай жарияланды. Осыған орай, Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі «Төтенше жағдай туралы» ҚР Заңына сәйкес және азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында елімізде бұқаралық іс-шаралардың барлығы, соның ішінде, ғибадат ғимараттарында өтетін (мешіт, шіркеу, синагога, мінәжат үйлері) діни рәсімдер мен жоралғылардың да уақытша тотатылғанын хабарлайды. Сонымен қатар 7 қаңтар күні атап өтілетін Православ қауымының діни мейрамы - Рождество кезінде де аталған шектеулерді сақтауға және түсіністік танытуға шақырды».


Соңғы жаңалықтар