Төтенше жағдай: Өскеменде орталық алаңда көлік қатынасы қайта ашылды

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Өскемен қаласындағы ШҚО әкімдігі алдында көлік қатынасына қайта рұқсат берілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, бүгінде Өскемендегі орталық алаңда көлік қозғалысы қайта қалпына келтірілді.

Полицейлер мен Ұлттық ұланның әскери қызметшілері күшейтілген режимде жұмыс істеуді жалғастыруда.

«Қазіргі уақытта өңір бойынша жағдай тұрақтанды және құқық қорғау органдарының бақылауында. Осыған байланысты Шығыс Қазақстан аумағында терроризмге қарсы операция аяқталды. Яғни, аймақта террористік қауіптіліктің «қызыл» деңгейі жойылды», - деп хабарлады ведомство өкілдері.

Соңғы тәулікте сағат 23.00-ден 07.00-ге дейінгі аралықта коменданттық сағат тәртібін бұзған 10 адам ҚР ӘҚБтК-нің 476-бабына сәйкес жауапқа тартылды.

Барлық қалалар аумақтары бойынша блокпосттар жұмыс істеп тұр. Онда азаматтардың құжаттары, жеке заттары, көліктер мен жүктер тексерілуде.



Соңғы жаңалықтар