Төтенше жағдай: Нұр-Сұлтанда блокпостан тауар өткізу ережесі әзірленді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елордада комменданттық сағат кезінде қала аумағына азық-түлік және басқа да тауарды кіргізудің өзіндік ережесі әзірленді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Нұр-Сұлтан қаласы кәсіпкерлер палатасының мәліметінше, қала аумағына азық-түлік, шикізат тағы басқа тауарларды жеткізу коменданттық сағат басталғанға дейін кедергісіз жүзеге асып жатыр.

«Елордада 2-19 қаңтар аралығында төтенше жағдай енгізілуіне байланысты қала комендатурасы коменданттық сағат кезінде (түнгі сағат 23:00-ден таңғы сағат 7:00-ге дейін) блокбекеттерден өту тәртібі мен бизнес субъектілері көлік құралдарының қозғалыс ережесі әзірленді. Аталған ереже сақталған жағдайда тауарларды жеткізу кедергісіз іске асырылады. Қалалық кәсіпкерлер палатасы өз тарапынан кәсіпкерлерге байланыс орталығының нөмірлері бойынша кеңес беріп, көмек көрсетеді», – деді Нұр-Сұлтан қаласы кәсіпкерлер палатасының директоры Алмат Жүнісов.

Қала аумағына коменданттық сағат уақыты басталғанша блокпостан өту үшін мына құжаттар керек:

1. Азаматтың жеке куәлігі;

2. Жүргізуші куәлігі;

3. Жол парағы;

4.Тауар-көлік жүкқұжаты (жүкке жөнелтпе құжаттар).

Ал коменданттық сағат уақытында (түнгі сағат 23:00-ден таңғы сағат 7:00-ге дейін) Нұр-Сұлтан қаласының аумағына арнайы рұқсаты бар жүк тасымалдаушылар ғана кіре алады.

Сұралатын құжаттар:

1. Жеке куәлік немесе төлқұжат (жүргізуші және қызметкерлер);

2. Жүргізуші куәлігі;

3. Жұмыс орнынан анықтама (жүргізуші шынымен сонда жұмыс істейтінін растау);

4. Егер жүк тасымалы болса, тауар-көлік жүкқұжаты қажет;

5. Жол парағы;

6. Арнайы рұқсат қағазы.

Сондай-ақ, кәсіпкерлер палатасы арнайы рұқсат қағазды алу үшін жүк тасымалдаушыларға талаптың барын еске салды.

1. Өтінішті Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің аппаратына қолма қол немесе электрондық мекенжайына еркін нысанда жазу. Мазмұнында жазылатын міндетті деректер:

1) заңды тұлғаның атауы;

2) жүргізуші/жүргізушілер аты-жөні;

3) жүргізуші/жүргізушілер ЖСН-ы;

4) көлік құралдарының маркасы мен мемлекеттік нөмірі;

5) қозғалыс, жүк, тауар (қандай туар екенін белгілеу) тасымалдаудың себебін жазу;

6) компания қарамағында бірнеше көлік болса және кезекшілікте жүрсе, онда қандай көлік қай уақытта кезекте болатынын белгілеу;

7) ұйым мөрі мен жетекші қолын қою;

8) телефон және байланыс деректерді белгілеу қажет.

«Шағын және орта бизнес субъектілерінің өтінімдері бойынша Нұр-Сұлтан қаласы комендантының орынбасары күн сайын 13:00-ге дейін кәсіпкерлердің тізбесін бекітеді. Арнайы рұқсат қағазы дайын болған кезде әкімдік қызметкерлері кәсіпкерлерге өздері хабарлайды. Арнайы құжатты алуға орта есеппен 2 күн қажет, сондықтан өтінішті алдын ала жіберген жөн», - делінген хабарламада.

Кәсіпкерлерге арналған жедел желі нөмірлері:

87784101784

87784101736

87784101758


Соңғы жаңалықтар