Төтенше жағдай мен карантин Ұлттық Кеңестің жұмысын тоқтатпады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Елде енгізілген төтенше жағдай мен карантин тәртібі кезінде Ұлттық кеңестің жұмысы тоқтап қалмады, керісінше оның аясында қызу жұмыстар өтіп жатыр. Президент кеңесшісі Ерлан Қарин осылай мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Ұлттық кеңестің мүшелері жаңа заң жобалары бойынша жұмыс топтарындағы талқылауға қатысуда», делінген Ұлттық қоғамдық сенім кеңестің Telegram -дағы парақшасында.

Атап айтқанда, Мұхтар Тайжан, Ерлан Саиров, Асылбек Қожахметов, Асхат Садырбай, Марат Бәшімов, Мұрат Әбенов Мәжілісте қаралып жатқан бейбіт жиындар туралы жаңа заң жобасы бойынша құрылған жұмыс тобының онлайн талқылауына күнделікті қатысып, ұсыныстарын енгізуде. Соның арқасында, жаңа заң жобасының көптеген нормалары жетілдіріле түсті.


Соңғы жаңалықтар