Төтенше жағдай қызметкерлері тікұшақпен қауіпті аймақтарды аралап шықты

None
None
ОРАЛ. 4 сәуір. ҚазАқпарат - Кеше, 3 сәуір күні ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі орталық аппараты, облыстық департамент қызметкерлерінен құралған жедел топ бірге «Қазавиақұтқаруды» Ми-171 тікұшағымен Зеленов пен Тасқала аудандарындағы су тасқынына байланысты қауіпті аймақтарды аралап шықты.

Департаменттің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, Ембулатовка, Быковка, Рубежка, Деркөл, 1 Шежін өзендері бойындағы Хамин, Чеботарев, Раздольное секілді елді мекендерге тексеру жүргізілді. Соның ішінде Раздольное ауылындағы су қоймасы, Первосовет пен облыс орталығы іргесіндегі «Казенный» тоғандары қаралды. Бұл нысандар қалыпты жұмыс жасауда.

Зеленов ауданында қар еріп бола келген, ағын су өз арналарымен кетуде.

Тасқала ауданында Деркөлде қар енді ери бастады, қар қоры едәуір. Қар 6 сәуірден бастап жедел ериді деп күтілуде.

Деркөл, 1 Шежін, Шаған өзендерінде су деңгейі көтерілу үстінде, әзірге қалыптан төмен.

Деркөл өзенінде Тасқала, Зеленый ауылдары тұсында мұз жару жұмыстары аяқталып келеді, тиісті жұмыс көлемі орындалды.

Соңғы жаңалықтар