+7 (701) 759 90 19
USD 414.46 EUR 451.35
RUB 5.77 CNY 58.12
Jańalyqtar

Төтенше жағдай кезінде жұмыс істеген букмекер әкімшісі қамауға алынды

2020 жылғы 30 наурыз 12:20
Бөлісіңіз:
Төтенше жағдай кезінде жұмыс істеген букмекер әкімшісі қамауға алынды

ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Елімізде 16-наурыздан бастап 15-сәуірге дейін төтенше жағдай жарияланды. Осындай жағдайға қарамастан төтенше жағдай режимін бұзып, пайда табу үшін жұмысын жалғастырып келе жатқан кәсіпкерлік нысандары әлі анықталу үстінде.

Бұл туралы ҚазАқпарат Түркістан облыстық Полиция департаментіне сілтеме жасап хабарлайды.

Түркістан облысы Полиция департаментінің жеке құрамы күшейтілген режимдегі қызметке көшкен. Яғни күні-түні рейд жұмыстарды жүргізіліп, адам көп жиналатын басқосулар, той-жиындар, іс-шараларды өткізуге тыйым салып, қауіпсіздік шараларын қадағалауда.

Осындай кезекті рейд барысында Созақ ауданының полицейлері, ауылдардың бірінде букмекерлік кеңсенің жұмыс жасап жатқанын анықтады. Мұны анықтаған полицейдің айтуынша, төтенше жағдай жарияланып, тыйым салынғаннан кейін, яғни 18-19 наурыз күндері ойын-сауық орындарының жұмысы тоқтатылуы керек деп, аталған букмекерлік кеңсеге бірнеше рет ескерту жасаған. Алайда букмекерлік кеңсе әкімшісі оған құлақ аспай 23-наурыз күні адам қабылдап отырғаны белгілі болды.

«Қазақстан Республикасы Президентінің 15.03.2020 жылғы Жарлығының талаптарын өрескел бұзған аталмыш тұрғынға ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық кодексінің 476-бабы «Төтенше жағдай режимiн бұзу» бойынша хаттама түзіліп, аудандық соттың қаулысымен кінәлі деп танылып, 5 тәулікке әкімшілік қамаққа алынды.

«Түркістан облысының полицейлері ойын-сауық, сауда орталықтары мен дәмхана-бар, тойхана иелеріне ескертеді: төтенше жағдай кезінде заң талаптарына сәйкес әрекет етіп, мүмкіндігінше көп адам шоғырлануына жол бермеңіздер. Бұл өзіңіздің де, өзгелердің де денсаулықтары үшін қажет болмақ»,-делінген хабарламада.




Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT