Төтенше жағдай кезінде полицияға жұдырық ала жүгірген ақмолалық қамауға алынды

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Төтенше жағдай кезінде полицияға қарсылық танытқан Қосшы ауылының тұрғыны уақытша ұстау оқшаулағышына қамалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Ақмола облыстық полиция департаментіне сілтеме жасап.

Ведомствоның мәліметінше, ер адам тәртіп сақшысының талабына көнбей қарсылық көрсеткен. Оқиға «Лесная поляна» тұрғын үй кешеніндегі №26 үйдің ауласында болған.

Полиция қызметкері аталмыш елді мекенді патрульдеу кезінде балалар ойын алаңында жүрген әйелді көрген. Қосшы ауылында эпидемиологиялық жағдайдың күрделі болуы және карантиндік режимнің енгізілгеніне қарамастан әйел жас баласымен далада серуендеп жүрген.

Тәртіп сақшысының карантиндік режим уақытында үйге бар деген талабын елемеген әйел азаматтық некедегі күйеуін шақырған. Ер адам полиция қызметкеріне қарсылық танытып, жұдырық ала жүгірді. Ол аздай оның үлкен ұлы мен бейтарап өтіп бара жатқан ер адамда төбелеске араласты.

«Қосшы аулының 39 жастағы тұрғыны ұсталып, уақытша ұстау оқшулағышына қамалды. Оның үстінен ҚР ҚК 380 бабы бойынша сотқа дейінгі іс қозғалды. Ал, оның азаматтық некедегі 38 жастағы әйелі ҚР ӘҚбК 476-бабы бойынша әкімшілік жауапқа тартылды. Сонымен қатар, бейтарап өтіп бара жатып оқиғаға араласып, полиция қызметкеріне күш қолданған үшінші ер адамда іздестірілуде», - дейді ведомстводан .

Осы ретте, Ақмола облыстық ПД бастығы Арманбек Баймурзин өңір тұрғындарына төтенше жағдай режимін бұзуға жол берілмейтін ескертуде.

«Шектеу режимін барлығымыз ұстануымыз керек. Полиция қызметкерлері көшелерді патрулдеп, тұрғындардың карантин режимін сақтауын қамтамасыз етеді. Біздің барлық күшіміз және әрекетіміз азаматтарымыздың қамына қарсы бағытталмаған», - деп түсіндірді ПД бастығы А.Баймурзин.


Соңғы жаңалықтар