Төтенше жағдай кезінде коммуналдық қарызы бар тұтынушыларға жеңілдік жасау ұсынылды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Тарифтік реттеуші коммуналдық қызметтерді жеткізушілерге қарыздар үшін тұтынушыларға өз қызметтерін беруді тоқтатпауға кеңес берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Осы орайда ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу комитетінің орталық аппараты өзінің аумақтық бөлімшелеріне тиісті тапсырма берді. Оның аясында табиғи монополиялар және қоғамдық маңызы бар нарықтар субъектілеріне төтенше жағдай кезеңінде пайда болған қарыздар үшін тұтынушыларға ТКШ саласында реттеліп көрсетілетін қызметтерді ұсынуды тоқтатпауға кеңес берілді.


«Бұл шаралар коронавирустың таралуына байланысты елдегі төтенше жағдай кезеңінде Қазақстан Республикасы халқының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында қабылданды», - делінген ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу комитетінің хабарламасында.


Соңғы жаңалықтар