+7 (701) 759 90 19
USD 412.55 EUR 468.66
RUB 5.79 CNY 58.80
Jańalyqtar

Төтенше жағдай кезінде көкпар тартқандар ұсталды

2020 жылғы 24 наурыз 15:26
Бөлісіңіз:
Төтенше жағдай кезінде көкпар тартқандар ұсталды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы облысында төтенше жағдайға қарамастан тұрғындар көкпар ұйымдастырған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлағандай, бұл видео әлеуметтік желіні бақылау кезінде анықталған.

Көкпаршылар Шамалған ауылының Жібек жолы көшесінде кешкі 17:00 шамасында көкпар тартқан.

«Қазір бұл ойынды ұйымдастырған адам ұсталды. Ол 27 жастағы осы ауылдың тұрғыны болып шықты. Бұл кісі төтенше жағдайдың қаншалықты маңызды ахуал екендігін дұрыс түсінбеген сияқты. Ол көкпарды Наурыз мерекесіне орай ұйымдастырған. Сонымен қатар, тұрғындар заңға қайшы, яғни қара жолдың бойында додаға түскен», – деді Қарасай аудандық полиция басқармасының басшысы Асхат Данияр.

Бұл дерек бойынша ҚР ӘқбК 476-бабы бойынша әкімшілік іс қозғалып, Қарасау аудандық әкімшілік сотына жолданды. Құқық бұзушының әрекетіне сот баға беретін болды.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Гүлмира Ғосманәли

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT