+7 (701) 759 90 19
USD 412.55 EUR 465.73
RUB 5.79 CNY 58.91
Jańalyqtar

Төтенше жағдай кезінде қазақстандықтар АӘК-ті мемлекеттік мекемелерге жүгінбей ала алады

2020 жылғы 27 наурыз 10:42
Бөлісіңіз:
Төтенше жағдай кезінде қазақстандықтар АӘК-ті мемлекеттік мекемелерге жүгінбей ала алады

Ағымдағы жылдың сәуір айынан бастап қазақстандықтар төтенше жағдай кезінде мемлекеттік органдармен байланыссыз атаулы әлеуметтік көмекті (бұдан әрі – АӘК) ала бастайды.

Ұқсас жаңалықтар
Қазақстандағы коронавирус бойынша 10 шілде 23:59-дағы эпидемиологиялық жағдай Қазақстанда өткен тәулікте 538 адам коронавирус індетінен емделіп шықты Қазақстандағы коронавирус бойынша 9 шілде 23:59-дағы эпидемиологиялық жағдай

Әлеуметтік көмекті қайта тағайындау үшін мемлекеттік органдардың ақпараттық базалары арқылы деректерді тексеру жүргізіледі, атап айтқанда тұрғылықты жері бойынша тіркеу, жылжымайтын мүліктің бар-жоғы, кірістер және т.б. Егер отбасы құрамы өзгермеген жағдайда, тағайындауға өтініш қолда бар деректер негізінде қалыптастырылатын болады. Бұл үшін халықты жұмыспен қамту орталықтарының қызметкерлері 1-тоқсанда АӘК алған азаматтар үшін өз бетінше өтініш жасайды және АӘК тағайындау өлшемдеріне сәйкестігін тексереді.

Барлық ақпарат, сондай-ақ хабарламалар электрондық пошта немесе мессенджерлер арқылы жіберілетін болады.

1-тоқсанда атаулы әлеуметтік көмек алмаған азаматтарға АӘК тағайындау үшін egov.kz порталы арқылы өтініш жіберу қажет. Әрі қарай жұмыспен қамту орталықтарының қызметкерлері құжаттарды мемлекеттік органдардың мәліметтер базасында тексеріп, нәтижесін электрондық пошта немесе мессенджерлер арқылы хабарлайды.

Бұл ретте учаскелік комиссиялар көшпелі тексерулер жүргізбейді. Барлық қажетті құжаттарды азаматтардан электрондық пошта арқылы немесе мессенджерлер арқылы сұрататын болады.

Естеріңізге сала кетейік, ағымдағы жылдың басынан бері АӘК алушылар 102,4 мың отбасы немесе 527,6 мың адам болды. АӘК алушылардың 41,5 %-ын көпбалалы отбасылар құрайды.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT