+7 (701) 759 90 19
USD 428.68 EUR 507.21
RUB 5.57 CNY 64.2
Jańalyqtar

Төтенше жағдай кезінде Қазақстандағы қылмыс саны 22% азайды

2020 жылғы 31 наурыз 20:08
Бөлісіңіз:
Төтенше жағдай кезінде Қазақстандағы қылмыс саны 22% азайды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев ішкі істер органдары жүргізетін қауіпсіздік шаралары туралы айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
58 жастағы қостанайлық тұрғын дәріхана қызметкеріне пышақ салды Алматыда көлік иесі мен сатып алушы ХҚО алдында төбелескен ШҚО-да 8 ай бойы халықаралық іздеуде жүрген қылмыскер ұсталды

«Еліміздегі төтенше жағдай кезінде ішкі істер органдары қауіпсіздікті қамтамасыз етіп жатыр. Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету және ұрлық пен тонау фактілерін болдырмау үшін шаралар қабылдануда. Төтенше жағдай жарияланған кезден бастап, еліміз бойынша қылмыс саны 22%-ға азайды», - деді министр Орталық коммуникациялық қызметте өткен брифнгте.

Министр 28 наурыздан бастап Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында карантин режимі күшейгенін еске салды.

«Мекемелер жұмысы тоқтады, үйден шығуға шектеу қойылды. Адам көп жиналатын орындар жабылды. Көшеде үш адамнан көп жиналуға, сондай-ақ жасөспірімдерге жалғыз жүруге болмайды. Тек қана үш жағдайларда көшеге шығуға болады: азық-түлік, дәрі-дәрмек алуға, немесе ауруханаға және тек жұмысқа баруға рұқсат етіледі. Басқа кезде шығуға тыйым салынады», - деді Е. Тұрғымбаев.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Айжан Серікжанқызы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT