Төтенше жағдай кезінде де интернеті өшірілмейтін ұйымдардың тізімі жасалады

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Қаңтар оқиғаcы төтенше жағдай кезінде байланыс желілерінің жұмысын тоқтатпауы тиіс екенін көрсетті. Бұл пікірді ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Министрдің айтуынша, интернет алаяқтығына қарсы күрес мақсатында ұялы байланыс операторларымен бірлесіп, алаяқтық әрекеттерді бұғаттау бойынша тәсілдер әзірленді, атап айтқанда халықаралық трафикті өңдеу және оларды бұғаттау, ауыстырылатын нөмірлерді анықтау тәсілдері қолданылады.

«Оған қоса, Қаңтар оқиғалары ТЖ кезінде байланыс желілерінің жұмысын тоқтатпауы тиіс екенін көрсетті. Бірқатар өмірлік маңызды объектілер, мемлекеттік және жеке ұйымдар интернет желісіне үздіксіз қосылып тұруға тиіс. Яғни, экономика жұмыс істеуі керек», - деді Бағдат Мусин министрліктің кеңейтілген алқа отырысында.

Сондықтан министрлік деректерді беру желілерінің статикалық мекенжайының тізімін жасау және жүргізу қағидаларын бекіткен.

«Бұл ТЖ кезінде интернетке үздіксіз қол жеткізе алатын ұйымдардың тізімін жасауға мүмкіндік береді», - деді Бағдат Мусин.


Соңғы жаңалықтар