Төтенше жағдай кезінде «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы call-орталығының телефон нөмірлері өзгертілді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы call-орталықтың телефон нөмірлері өзгергенін мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазақстандағы төтенше жағдай режимі кезінде интернеттің болмауына және байланыс іркілістеріне байланысты палатаның call-орталығы телефон нөмірін өзгерткенін және жаңа 13 нөмір ашқанын ресми түрде хабарлайды.

Кері байланыс қолмен басқару режиміне көшті. Біз зардап шеккен кәсіпкерлік нысандардың тізбесін жинақтау жұмыстарын бастадық. Деректерді жинау және өңдеу жүріп жатыр», - деп мәлім етті палатаның баспасөз қызметі.

Қаңтардың 5-інен 6-на қараған түндегі жағдай бойынша палатаның call-орталығына бұзақылықтар туралы 200 қоңырау түскен. Оның бәрі Алматы қаласынан түскен. Бизнесмендер бизнес-орталықтар, киім дүкендері, тұрмыстық техника, ұялы телефон аксессуарлары, ломбардтар мен қоғамдық тамақтану орындары тоналғанын хабарлады.

«Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы бизнесмендерден тәртіпсіздіктер кезінде келген шығын мен залалдың ауқымын фото мен видео арқылы тіркеп, өзінің компаниясы туралы нақты фактілерді мына нөмірлерге хабарлауды сұрайды:

+7 778 410 17 84;

+7 778 410 17 36;

+7 778 410 17 68;

+7 778 189 71 34;

+7 778 108 75 89;

+7 775 126 18 39;

+7 778 124 38 03;

+7 775 860 58 79;

+7 778 193 34 78;

+7 778 410 19 73;

+7 778 410 18 44;

+7 778 410 17 62;

+7 778 193 34 87.


Соңғы жаңалықтар