
15:48
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елдегі төтенше жағдай режиміне байланысты барлық Халыққа қызмет көрсету орталықтарының жұмысы уақытша тоқтатылды. Бұл туралы ҚазАқпарат «Хабар-24» телеарнасына сілтеме жасап хабарлайды.
Бүкіл Қазақстан бойынша Халыққа қызмет көрсету орталықтарының жұмысы уақытша тоқтатылды. ХҚКО-лардың жұмысы қашан қайта жанданатыны әзірге белгісіз.