Төтенше жағдай экономикаға қалай әсер етті - Дәурен Абаев пікірі

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев қазіргі төтенше жағдайдың экономикамызға қалай әсер ететінін айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Карантиндік шаралар біздің ғана емес, әлем экономикасына өзгертулер енгізді. Қазірдің өзінде біздің бюджетімізге пандемия ықпалы сезілді. Әрине, алдағы уақытта да негативті факторларға тап боларымызды жоққа шығармаймыз. Үкімет оған дайын», - деп атап өтті министр «Хабар» арнасындағы «Ашық диалог» бағдарламасында.

Бірақ, министр 2020 жылдың алғашқы тоқсанында экономиканың базалық секторларында өсім байқалғанын жеткізді.

«Мәселен, ауыл шаруашылығында, өнеркәсіпте, құрылыста өсім бар, тіпті инвестициялар да артқан. Мұның барлығы көңілге оптимизм ұялатады. Мұндай бекемдік запасы Индустрияландыру бағдарламасының арқасында құрылды. Химиялық өнеркәсіпте өндіріс көлемі екі есеге артты. Фарминдустрия мен жеңіл өнеркәсіп те артып келеді», - деді ол.

Нақты мысал ретінде министр Петербург зауытымен бірлесіп, танымал «Кировец» тракторының өндірісі басталғанын көрсетті.

«КамАзбен» бірлескен кәсіпорын ашу жоспарланып отыр. Машина құрастыру бойынша біз Орталық Азияда алғаш рет 500 мегаваттқа дейін жететін аса қуатты трансформатор өндіруді игердік. 500 мегаВаттпен Қазақстандағы орташа облыс орталығын электр энергиясымен қамтуға болады», - деді Д. Абаев.

Соңғы жаңалықтар