Төтенше жағдай: Аягөз гарнизонында жағдай қалай

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Аягөз гарнизоны, «Оңтүстік» әскери қалашығында төтенше жағдай режимі кезіндегі қалыпты тұрмысты әскери қызметшілер қамтамасыз етіп тұр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл туралы Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі таратқан мәліметте айтылған.

«Аягөз гарнизоны, «Оңтүстік» әскери қалашығындағы тұрғындардың өмір тіршілігі еліміздегі республика бойынша болып жатқан жағдайларға қарамастан, тұрақты. «Оңстүтік» әскери қалашығының аймағын әскери қызметшілер күзетіп тұр. Сақтық шарасы жоғары деңгейде көрсетілген. Қалашықта орналасқан дүкендер мен сауда орталықтары штаттық режимде жұмыс істеп тұр», - дейді әскери қызметші.

Тұрғындар әскерилердің қалашықтағы тыныштықты мүлтіксіз күүзетіп жатқаны үшін алғыстарын білдірді.

«Қазіргі таңда қалашығымзда тыныштық сақталуда. Біздің әскерилер күн демей, түн демей өз жұмыстарын атқарып жатыр. Оларға алғысымыз шексіз. Өз жұмысымызды күнделікті жалғастырып жатырмыз», - деді дүкен сатушыларының бірі.

Тағы бір тұрғын елде төтенше жағдай режимі жарияланғанына қарамастан, қалашық тұрғындарының көңілінде үрей жоқ екенін айтады.

«Қазіргі таңда біздің қалашықта дәл бұрынғыдай тыныштық орнаған. Әскери қызметшілер өз қызметін атқарып тұр. Блокпостар бекітулі. Халық ешқандай үрейге бой алдырмаған. Баяғыша тыныш өмір сүріп жатыр. Әскери қызметшілерге үлкен алғыс айтамыз», - дейді қалашық тұрғыны.


Соңғы жаңалықтар