Төсекке таңылған Стивен Хокингтің мүгедектік арбасы аукционға шығарылады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Британдық астрофизик және космолог Стивен Хокингтің жеке бұйымдары, марапаттары, ғылыми еңбектері саудаға шығарылады. Бұл туралы Associated Press агенттігіне сілтеме жасап ABC News хабарлайды.

Christie's аукцион үйі саудаға шығармақ болып отырған 22 заттың арасында ғалымның мүгедектік арбасы, докторлық диссертациясы бар.

«Кеңейетін ғаламдардың қасиеті» тақырыбында жазылған докторлық диссертациясының бес нұсқасының әрбірі 130 мың доллардан 195 мың долларға дейін бағалануда. Арбаның бастапқы құны 13 мыңнан 19,5 мың долларға дейінгі аралықта болуы мүмкін.

Хокингтің қызы Люсидің айтуынша, аукцион арқылы физик-теоретиктің ғылымына ынтық болғандар ғалымның өзгелерден ерекше өмірін еске салатын мұраларды сатып алу мүмкіндігіне ие болмақ.

Фото: © EPA-EFE/STEFAN ZAKLIN

Соңғы жаңалықтар