Төртінші тоқсанда еліміздегі оқушылар радио және пошта арқылы сабақ оқиды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Теледидары жоқ оқушылар радионы қосымша құрал ретінде қолдана алады. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен мектеп оқушыларының ІV тоқсанда қашықтан оқу жүйесіне арналған онлайн конференцияда айтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Оқушыларды қашықтан оқытуың екінші тетігі – радио. «Қазақ радиосы» арқылы бұл механизмді қосымша құрал ретінде іске асырамыз. Аудио сабақтарды «Қазақ радиосына» беріп жатырмыз. Осы радионы теледидары жоқ оқушылар қосымша құрал ретінде қолдана алады. Радио арқылы сабақ оқитындай мүмкіндік жасап отырмыз», - дейді ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов.

Оның айтуынша, оқушыларды қашықтан оқытудың үшінші тетігі – пошта.

«Қазпошта» АҚ-мен келісімге қол қойдық. Еліміз бойынша мектебі жоқ елді мекендер бар. Ондай елді мекендер саны – 1 200-ге жуық. Ондай жерлерде ары кетсе 5-7 оқушы бар. Ол балалар басқа елді мекендерге бару арқылы сабақ оқитын. Осы балаларды сабақ оқытумен қамту пошта арқылы жүзеге асады. Интернет арқылы оқитын балалар да кері байланыс орнату үшін пошта қызметін қолдануға мүмкіндіктері бар», - дейді ол.


Соңғы жаңалықтар