+7 (701) 759 90 19
USD 426.32 EUR 496.24
RUB 6.04 CNY 66.74
Jańalyqtar

Төртінші он жылдықта бізді жаңа міндеттер күтіп тұр - Мемлекет басшысы

2020 жылғы 14 желтоқсан 18:11
Бөлісіңіз:
Төртінші он жылдықта бізді жаңа міндеттер күтіп тұр - Мемлекет басшысы

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Өткен әрбір он жылдық атқарған миссиясы тұрғысынан ғасырдың жүгін арқалап тұр. Бұл туралы Тәуелсіздік күні қарсаңында өткен Мемлекеттік наградаларды тапсыру рәсімінде ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Өткен әрбір он жылдық атқарған миссиясы тұрғысынан ғасырдың жүгін арқалап тұр. Алғашқы он жылдық егемен Қазақстанның өз дербестігін қалыптастыру кезеңі болды. Екінші он жылдықта еліміз тұғырын нықтап, керегесін кеңейтіп, іргесін бекітті. Үшінші он жылдықта мемлекетіміз шын мәнінде, кемеліне келіп, әлемдік саясаттың төріне озды. Алдағы төртінші он жылдықта бізді жаңа міндеттер күтіп тұр. Елімізді ілгері дамытып, әрбір азаматтың лайықты тұрмысын қамтамасыз етуіміз керек», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

ҚР Президентінің пайымынша, оны жүзеге асырудың басты жолы – тиімді басқару жүйесі.

«Мен Жолдауымда мемлекеттік басқарудың жаңа үлгісіне баса мән бергенімді білесіздер. Осыған орай, көптеген нақты шаралар атқарылуда. Жалпы, жаңғырудың жан-жақты болғаны жөн. Бүкіл халқымыз заман ағымына ілесе білуге тиіс. Өзгерістерге бейімделе алатын жұрт қана уақыт тынысын дөп басады. Біз білімді әрі білікті, ұқыпты және жауапты, іскер де еңбекқор жұрт болуымыз қажет. Бұл – Ұлы Абай айтқандай, «толық адамның» айқын көрінісі. Оған қоса, әркімнің жеке қасиеті мен мақсаты елдік мүддемен тығыз астасып, патриотизмге ұласуы керек. Сонда ғана мемлекетшілдік идеясы басты құндылыққа айналады», - деді Мемлекет басшысы.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Марлан Жиембай

Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT