Төртінші билік өкілдері тегін тексеруден өтуде

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Бүгін Алматыда журналистердің кәсіби мерекесіне орай БАҚ өкілдері тегін медициналық тексеруден өтуде. Ашық есік күндерін журналистердің кәсіби мерекесіне орай қалалық Денсаулық сақтау басқармасы ұйымдастырып отыр.

«Мұндай шара Алматыда бірінші рет ұйымдастырылып отыр. Біз журналистерге деген құрметімізді осылай жеткізуді ұйғардық. Бұл медицина саласының төртінші билік өкілдеріне көрсеткен қолдауы десек болады. Журналистер қауымын өз денсаулығына жауапкершілікпен қарауға шақырамыз», - деді қалалық Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Жанат Қасымжанова.

Қазір 20-ға тарта БАҚ өкілдері офтальмолог, онколог, маммолог, эндокринолог, невропатолог, нефролог, терапевт, кардиолог, отоларинголог мамандардың кеңесін алуда.

Сондай-ақ, олар қажетті жедел анализдер тапсырып УЗД, ФГ, ЭКГ сынды скринингтік қараудан өтуде.

Ашық есік күндері 25-26 маусым күндері №5 қалалық емханада таңғы сағат 9-дан түскі 3-ке дейін жалғаспақ.

Соңғы жаңалықтар