+7 (701) 759 90 19
USD 413.12 EUR 452.86
RUB 5.82 CNY 57.92
Jańalyqtar

Төрт жылда бір артық күн келетін – Кібісе жыл

2020 жылғы 29 ақпан 11:58
Бөлісіңіз:
Төрт жылда бір артық күн келетін – Кібісе жыл

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Биыл күнтізбе бойынша – кібісе (високос) жыл. Яғни төрт жылда бір айналатын басы артық күн биылғы – 2020 жылға тиесілі. Артық бір күннің ақпан айының 29-на келетіні белгілі. Ендеше бүгін кібісе күн!

Бірқатар деректерге сүйенсек, кібісе жылы ежелгі Мысырда пайда болған деседі. Мысырдың есепші-ғалымдары (жұлдызшылары) әр жылдарды зерттей отырып, әр жылдың 365 күннен тұратынын санаған екен. Қазіргі қолданыстағы күнтізбе де сондай санақтың нәтижесі. Сол санақ бойынша ғалымдар күн мен түннің теңелу уақытының арасын жыл деп атаған. Жылды төрт мезгілге жіктеп, әр үш жылдың 365 күнге аяқталатынын, осы үш жылдан соң бір күннің артық шығатынын есептеп, төртінші жылды 366 күнге толатынын шығарған.

«Кібісе жыл» (високос) осыдан шығып отыр. Ежелгі жұлдызшылардың бұндай есептеулері ғылыми тұжырымдармен де сәйкескен, яғни төрт жылда бір рет тәулік санының артық болатынын ғалымдар да мойындаған.

Халық арасында кібісе жылына қатысты алуан пікір, түрлі наным-сенім мен ырымдар бар. Тіпті кейбіреулер осы жылдың қиын-қыстауға толы болатынын сәуегейлейді. Алайда өткен кезеңдер кібісе жылының Қазақ еліне жайсыз емес екенін, керісінше ерекше орын алып жататынын байқауға болады.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Қоғам,
Бөлісіңіз:

Автор:

Қанат Мәметқазыұлы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT