+7 (701) 759 90 19
USD 427.91 EUR 506.9
RUB 5.6 CNY 64.17
Jańalyqtar

Төрт облыста ауа райына байланысты ескерту жарияланды

2020 жылғы 28 қыркүйек 20:40
Бөлісіңіз:
Төрт облыста ауа райына байланысты ескерту жарияланды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елімізде төрт облыс аумағында ауа райының қолайсыздығына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қазгидрометке сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Жаңбыр, тұман, бұрқасын: Жұма күні ауа райы қандай болады Тұман, жел, көктайғақ: 22 қазанға арналған ауа райы Жаңбыр, тұман, көктайғақ – сәрсенбідегі ауа райы болжамы

29-30 қыркүйекте Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде түнде және таңертең тұман түсуі мүмкін. 29 қыркүйекте солтүстік-шығыстан жел соғады, кей жерлерде күші 15-20 м/с жетеді.

29-30 қыркүйекте түнде және таңертең Петропавлда тұман түседі. 29 қыркүйекте солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с жетеді.

29 қыркүйекте Қарағанды облысының кей жерлерінде солтүстік-шығыстан жел соғады, күші 15-20 м/с жетуі мүмкін.

Ертең түнде Қарағанды қаласында тұман түсуі ықтимал.

29 қыркүйекте Ақмола облысының кей жерлерінде тұман түседі. Оңтүстік-батыстан соққан жел солтүстік-шығысқа ауысады, кей жерлерде күші 15-20 м/с жетеді.

Ертең түнде және таңертең Көкшетауда тұман түседі.

29 қыркүйекте Қызылорда облысында солтүстік-шығыстан жел соғады, күші түнде кей жерлерде 15-20 м/с жетеді, күндіз облыстың басым бөлігінде 15-20, кей жерлерінде 23 м/с жел соғады. Кей жерлерде шаңды дауыл тұрады. Түнде кей жерлерде 1-3 градус үсік жүреді. Күндіз төтенше өрт қаупі сақталады.

Ертең таңертең және күндіз Қызылорда қаласында солтүстік-шығыстан екпіні 15-20 м/с жел, шаңды дауыл соғады.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT