+7 (701) 759 90 19
USD 448.01 EUR 495.86
RUB 5.64 CNY 63.19
Jańalyqtar

Төрт қалада жер телімі онлайн тәртіппен беріле бастайды

2020 жылғы 19 ақпан 18:17
Бөлісіңіз:
Төрт қалада жер телімі онлайн тәртіппен беріле бастайды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Асқар Жұмағалиев «Жер учаскелерін онлайн тәртіпте беру» пилоттық жобасы іске қосылатынын мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бірыңғай мемлекеттік кадастр ақпараттық жүйесі бойынша жақын арада «Жер учаскелерін онлайн тәртіпте беру» пилоттық жобасын бастаймыз. Аталмыш пилоттық жоба Нұр-Сұлтан, Алматы, Атырау және Ақтөбе қалаларын қамтиды. Бұл жүйе бізге не береді? Ең алдымен жер учаскесін беру процедурасы жеңілдеп, халық үшін ыңғайлы бола түседі. Бұл процестердің көлеңкелі тұстары келмеске кетеді», - деді Асқар Жұмағалиев ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің кеңейтілген алқа мәжілісінде.

Министрдің айтуынша пилоттық жобаның өндірістік қолданысын жыл соңына дейін жүргізу жоспарланған.

«Ол үшін Ауыл шаруашылығы министрлігі мен әкімдіктер бұл жұмысқа белсенді түрде араласуы тиіс», - деді ол.

Пилоттық жобаны жүзеге асыруда Асқар Жұмағалиев отырысқа қатысқан ҚР Президенті Әкімшілігі басшысының орынбасары Тимур Сүлейменовтен қолдау сұрады.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Аян Бекенұлы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT