Төрт гарнизонда 825 млн теңгенің мүлкі мен қорғаныс құралдары ұрланған – әскери прокуратура

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Әскери прокуратура мамандары Қорғаныс министрлігінің әскери бөлімдерінде әскери мүліктің сақталуын қамтамасыз ету бойынша тексеру жүргізіп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат қадағалаушы органның ресми сайтына сілтеме жасап.

«Алматы, Қонаев, Сарыөзек және Талдықорған гарнизондарында шамамен 825 млн теңгедей сомаға заттай мүлік пен жеке қорғаныс құралдарын ұрлау белгілері бойынша сот алды тергеу басталып, 8 қылмыстық іс қозғалды», - деп жазды ведомство.

Тергеу жүргізуді Бас әскери прокуратураның арнайы прокурорлары жүзеге асырады. Өзге ақпарат тергеу мүдделеріне байланысты жария етілмейді.


Фото:gov.kz


Соңғы жаңалықтар