Төрт бастамашыл топ партия құру үшін құжаттарын Әділет министрлігіне тапсырған

Фото:
АСТАНА. ҚазАқпарат – Елімізде тағы 4 бастамашыл топ партия құруға қажетті құжаттарды тапсырды. Бұл туралы Әділет министрлігі тіркеу қызметі және заңгерлік қызметтерді ұйымдастыру департаментінің директоры Алан Тіленшиев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оның атап өтуінше, кеше «Қазақстанның халық конгресі» партиясын құрмақ болып жүрген бастамашыл топтың хабарландыруына растау берілді.

Енді бастамашыл топ съезд өткізіп, кемінде 5 мың жақтасын жинауы қажет. Бұл жұмыстарға 3 айға дейін уақыт беріледі.

«Құжаттардың бәрі дайын болғаннан кейін Әділет министрлігіне келіп түседі. Министрлік ол құжаттарды тексереді. Жалпы уақыты - 1 ай. Сондықтан шешімді жедел қабылдау бастамашыл топқа байланысты», - деді ол Орталық сайлау комиссиясында өткен баспасөз мәслихатында.

Алан Тіленшиевтің дерегінше, қазіргі уақытта Әділет министрлігінде «Ел тағдыры», «Ұрпақ жалғастығы», «Ынтымақ» және «Қазақстанның халық конгресі» партияларын тіркеуге қатысты құжаттар қаралып жатыр.


Соңғы жаңалықтар