Төрт баланы құтқарған өрт сөндірушілер марапатталды - Қарағанды

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – Қарағанды облысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің №10 өрт сөндіру бөлімінің бөлімше командирі және өрт сөндіруші-құтқарушысы азаматтық қорғау сержанты Хасенов Нарбота мен Төлеуханов Әсет жаңа Қазақстандық қоғам құру ісіндегі табысты еңбегі және облыстың қоғамдық-саяси өміріне белсенді қатысқаны үшін Қарағанды облысы әкімінің Алғыс хатымен марапатталды,деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Нарбота Хасенов пен Әсет Төлеуханов азаматтық қорғау органдарында бес жылдан артық қызмет етеді.

Қызмет ету кезеңінде олар өздерін жақсы қызметкерлер ретінде көрсетті.

Олардың жұмысының мысалы ретінде 2020 жылдың 25 қарашаның түнінде Қарағанды қаласы Лободы көшесінде болған өртті айтуға болады.

Құтқарушылар оқиға орнына келгенде 5 қабаттағы пәтердегі өрт пен подъезден шыққан қатты түтінді көреді.

«Барлау және қажет болған жағдайда құтқару жұмыстарын жүргізу міндетін алған Нарбота Хасенов пен Әсет Төлеуханов пәтерлерді тексеруге кіріседі.

Жауынгерлер екі пәтердің есігінің сыртында көмек сұраған балалардың дауыстарын естиді. Өрт сөндіруші-құтқарушылар дереу есікті ашуға кірісті, одан кейін 6 жастан 12 жасқа дейінгі төрт баланы табады. Нарбота Хасенов бастаған газ-түтіннен қорғау қызметінің буыны дереу өз аппараттарына құтқару қалпақтарын қосып, оны балаларға кигізіп, таза ауаға шығарды. №10 ӨСБ бөлімше командирі Н.Қ. Хасенов пен өрт сөндіруші – құтқарушы Әсет Төлеухановтың сауатты, нақты іс-әрекеттерінің арқасында 4 бала құтқарылып, уақтылы қауіпсіз жерге көшірілді», - деп мәлімдеді Қарағанды облысының ТЖД баспасөз қызметі.


Соңғы жаңалықтар