Төрт аймақта өзендегі су деңгейі көтерілуі мүмкін

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Синоптиктер алдағы үш күн бірқатар өңірде нөсер жаңбыр жауады деп болжап отыр. Осыған байланысты Қазгидромет аталған аймақтарда ескерту жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«8-11 маусым аралығында Шығыс Қазақстан, Алматы облыстары мен Алматы қаласының іргелес аумақтарында, 9-10 маусымда Жамбыл облысында мол жауын-шашын болады деп күтілуде. Сондықтан кей жерлерде қатты, беткейлі ағын қалыптасады. Өзендерде су деңгейі көтерілуі мүмкін» делінген хабарламада.

Соңғы жаңалықтар