«Төрт ағайынды» ісі: Сотталушылардың бірі өз қорғаушысынан бас тартты

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбе облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Еркін Ізбасар, Аухат Қалиев бастаған топқа қатысты сот отырысы жалғасты. Сотталушылардың бірі өз адвокатынан бас тартты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақтөбеде «Төрт  ағайынды» ісіне байланысты сот отырысы жалғасып жатыр. Бүгін сотталушы Қалдымұрат Қартжан өз қорғаушысынан бас тартып, істі басқа адамға тапсыратынын мәлімдеді. Бірақ жаңа қорғаушының аты-жөні белгісіз болған соң судья Ахметқали Молдағалиев мемлекеттік қорғаушыны бекітуге шешім қабылдады.

«Маған мемлекеттік қорғаушы қажет емес. Заң бойынша мен адвокат таңдай аламын және оған екі күн беруді сұраймын»,- деді сотталушы Қалдымұрат Қартжан. Сот отырысы кезінде судья А.Молғалиев сотталушының құқығын түсіндірді.

Айта кетейік, бүгін сотталушы Еркін Ізбасар мен Қалдымұрат Қартжанның билік өкіліне қарсылық көрсету эпизоды бойынша жауап алынуы керек болатын. Бірақ прокурорлар биыл заң өзгеріп, билік өкіліне қарсылық көрсету эпизоды қысқартылуы мүмкін екенін жеткізді. Сот отырысы кезінде сотталушылар журналистің қатысуын, суретке түсіруін шектеу туралы айтты.

«Еркін Ізбасар, сіз бірде журналистерді шақырасыз, бірде қарсы шығасыз. Ашық сот отырысына олар қатыса алады. Егер сот отырысына кедергі келтірсеңіз, сізді залдан шығарып жіберемін»,- деп ескерту жасады судья А. Молдағалиев. 

Соңғы жаңалықтар