Төрт ағайынды ісі: Сотталушылар тағы бірнеше жыл қосып алды

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбеде мұнай ұрлады, ұйымдасқан қылмыстық топ құрды деп айыпталған Еркін Ізбасар 16 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. 

«Ақтөбе облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының Мұрат Тұржанов, Нұрлыбек Тонтаев, Кәдіржан Пангерейұлы, Болатбек Бекетов, Қайыргелді Ізтұрғанов, Жангелді Өтегенов, Рахат Аханов, Саясат Тектіғұлов, Нұрлан Ноғаев, Жандос Ақмағамбетов, Ербол Тіктіғұлов, Айбек Тілеуғазиев, Нұрболат Қайырбаев, Амандос Есенғалиевке қатысты 2 тамызда шығарылған сот үкімі өзгеріссіз қалдырылсын. Еркін Ізбасарды 16 жылға, Аухат Қалиевті 14 жылға бас бостандығынан айырып, қылмыспен тапқан мүлкі тәркіленсін. Қартжан Қалдымұрат 13 жылға бас бостандығынан айырылсын»,- деді қылмыстық істер жөніндегі апелляциялық сот алқасының төрағасы Қайырбек Елемесов.

Айта кетейік, сотталушы Біржан Аманқұлов 11 жылға бос бостандығынан айырылды. Адайбек Сәрсенов Қылмыстық кодекстің 385-бабы бойынша 160 сағат қоғамдық жұмысқа тартылатын болды. Кейін рақымшылыққа ілігіп, бұл жазасы жойылды.

Сотталушылар Жанат Тектіғұлов, Мұханбет Шавлетов, Руслан Дермұханов, Бекжан Құлтаев, Сүлеймен Сүгірбаев, Мұрат Қуанышевтың негізгі жазасынан 1 жыл 6 ай шегерілді. Сотталушы Сергей Савченко рақымшылыққа ілігіп, оған 1 жыл 3 ай 27 күн бас бостандығынан шектеу жазасы тағайындалды. Ол сот залынан бостандыққа шығуға мүмкіндік алды. Ал өзге сотталушылардың арызы қараусыз қалды.

Айта кетейік, іс бойынша барлығы 26 айыпталушы бар. 2-тамыз күнгі сот үкімімен Еркін Ізбасар 12 жылға сотталып, қылмыспен тапқан мүлкі тәркіленген болатын. Ал оның жанында жүрген Аухат Қалиев 11 жылға, сол жылдары облыстық ІІД бастығының орынбасары қызметін атқарған Рахат Аханов 5 жыл 3 айға сотталды. Бұрынғы полиция қызметкері өмір бойы құқық қорғау органдарында жұмыс істей алмайды, полиция полковнигі шенінен айырылды.

Сотталушы Адайбек Сәрсенов 3 жылға, Нұрболат Қайырбаев 3 жылға, Айбек Тілеуғазиев 2 жылға, Мұханбет Шавлетов 3 жылға, Болатбек Бекетов 8 жылға, Жандос Ақмағамбетов 3 жылға, Жангелді Өтегенов 3 жыл 9 айға, Руслан Дермұханов 3 жыл 9 айға, Бекжан Құлтаев 3 жыл 9 айға, Нұрлан Ноғаев 8 жылға, Саясат Дүсіпов 3 жылға, Сүлеймен Сүгірбаев 5 жылға, Мұрат Тұржанов 8 жылға сотталып, 8 жылға басшылық қызмет атқара алмайды. Сергей Савченко 3 жылға, Біржан Аманқұлов 11 жылға, Ербол Тектіғұлов 4 жыл 6 айға, Қайыркелді Ізтұрғанов 6 жылға, Нұрлыбек Тонтаев 7 жылға, Жанат Тектіғұлов 3 жыл 9 айға, Кәдіржан Пангерейұлы 7 жылға, Мұрат Қуанышев 3 жыл 9 айға, Қартжан Қалдымұрат 11 жылға бас бостандығынан айырылды. Ал Амандос Есенғалиев қылмыстық жауапкершіліктен босатылды.

Соңғы жаңалықтар