Төрт ағайынды ісі: Бес сотталушы жазаны жеңілдетуге шағым түсірмеді

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбе облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Еркін Ізбасар бастаған қылмыстық топқа қатысты апелляциялық шағым қаралды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, мұнай ұрлығы, ұйымдасқан қылмыстық топ құрды, рейдерлік жолмен бөтеннің кәсібін тартып алды деп айыпталған қылмыстық топқа сот үкімі шығып, Еркін Ізбасар 12 жылға бас бостандығынан айырылды. Іс бойынша барлығы 26 айыпталушы бар.

Еркін Ізбасардың жанында жүрген Аухат Қалиев 11 жылға, сол жылдары облыстық ІІД бастығының орынбасары қызметін атқарған Рахат Аханов 5 жыл 3 айға сотталды. Бұрынғы полиция қызметкері өмір бойы құқық қорғау органдарында жұмыс істей алмайды, полиция полковнигі шенінен айырылған болатын. Сотталушы Адайбек Сәрсенов - 3 жылға, Нұрболат Қайырбаев - 3 жылға, Айбек Тілеуғазиев - 2 жылға,  Мұханбет Шавлетов - 3 жылға, Болатбек Бекетов - 8 жылға, Жандос Ақмағамбетов - 3 жылға, Жангелді Өтегенов - 3 жыл 9 айға, Руслан Дермұханов - 3 жыл 9 айға, Бекжан Құлтаев - 3 жыл 9 айға, Нұрлан Ноғаев - 8 жылға, Саясат Дүсіпов - 3 жылға, Сүлеймен Сүгірбаев - 5 жылға, Мұрат Тұржанов - 8 жылға сотталып, 8 жылға басшылық қызмет атқара алмайды.

Сергей Савченко - 3 жылға, Біржан Аманқұлов - 11 жылға, Ербол Тектіғұлов - 4 жыл 6 айға, Қайыркелді Ізтұрғанов - 6 жылға, Нұрлыбек Тонтаев - 7 жылға, Жанат Тектіғұлов - 3 жыл 9 айға, Кәдіржан Пангерейұлы - 7 жылға, Мұрат Қуанышев - 3 жыл 9 айға, Қартжан Қалдымұрат - 11 жылға бас бостандығынан айырылған болатын. Ал Амандос Есенғалиев қылмыстық жауапкершіліктен босатылды. 

Сотталушылар Рахат Аханов, Жангелді  Өтегенов, Жандос Ақмағамбетов, Амандос Есенғалиев және Нұрболат Қайырбаев жазаны жеңілдету жөнінде апелляциялық шағым түсірмеді. Ал өзге сотталушылардың қорғаушылары прокурор шағымын алмаған соң танысу үшін 2 күн сұрады.

 

Соңғы жаңалықтар