«Торғай-Петролеум» АҚ жауапкершілікке тартылды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «Торғай-Петролеум» АҚ-ы мен «СПФ Монтажспецстрой» ЖШС-ы әкiмшiлiк жауапкершілікке тартылды. Бұл туралы ҚР Энергетика министрлігінің баспасөз қызметінен мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«ҚР Энергетика министрлігінің Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитеті «Торғай-Петролеум» АҚ-ы мен «СПФ Монтажспецстрой» ЖШС-ға қатысты ерекше тәртіп бойынша тексерулер жүргізді. Тексеру барысында аталған ұйымдар радиоактивті қалдықтармен, иондаушы сәулеленуді генерациялайтын құрылғылар және қондырғылармен, радиоактивті заттармен жұмыс істеу кезінде атом энергиясын пайдалану саласында қолданылатын нормативтік-құқықтық актілердің талаптарын сақтамайтыны анықталды», - делінген хабарламада.

Тексерудің нәтижесі бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамалар жасалды және анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқамалар берілді.

Соңғы жаңалықтар