Торғай даласының құландары туралы комикс шықты

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Алтынемел құландарын Торғай даласына жерсіндіру туралы комикс шығарды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Былтыр Алтынемел ұлттық паркінен Алтын-Дала резерватына 9 құланды көшірген болатынбыз. Сол кезде біз үшін үлкен қауіптің бірі браконьерлік болды. Оның алдын алу үшін жергілікті халықпен кездесіп, бұл жобаның Торғай даласына маңыздылығын түсіндірдік. Қалың жұрт бұл ісімізді құптап, өздері қорғауға, сақтауға ынта білдірді», - деп жазды ҚР АШМ Орман шаруашылығы және жануарлар әлемі комитетінің баспасөз хатшысы Сәкен Ділдахмет Фейсбуктегі парақшасында жазды.

Оның айтуынша, құландар жергілікті мектеп оқушылары үшін үлкен жаңалық болған. 

«Энциклопедияның тілімен емес, заманауи тілмен мектеп оқушыларына арнап қазақ тілінде комикс шығардық.Бір жағынан балаларды құланның табиғатымен таныстырсақ, екінші жағынан оны қорғауға, сақтауға үндеу білдірдік. Біздің басты ойымыз - жануарлар дүниесінің маңыздылығын түсінген бала, табиғатқа қиянат жасамайды», - дейді С. Ділдахмет.

Министрлік өкілінің хабарлауынша, қазіргі уақытта құландар Торғай даласына үйреніп, аман-есен жерсініп кетті.

 

Соңғы жаңалықтар