Төреші «Тараз» - «Каспий» кездесуінде 4 голды есептемеді

None
None
ТАРАЗ. ҚазАқпарат - Футболдан Қазақстанның бірінші лигасының өкілдері арасындағы «Тараз» - «Каспий» кездесуінде адам сенгісіз оқиға болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Клуб баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, төрешілер бригадасы алаң иелерінің төрт бірдей голын есептемей тастады. Қапталдағы төрешілер олардың ойыннан тыс жағдайда соғылғанын білдірді.

7-минутта Абзал Таубай, 40-минутта Константин Дудченко, 75-минутта Диас Сабыровтардың голдары офсайдтан соғылды, сондай-ақ Таубаев ойын соңында тағы бір рет «ойыннан тыс» гол соқты.

Дегенмен «Тараз» бұлардан тыс тағы да 4 гол соғып, ірі есеппен жеңіске жетті.

Осы жеңістен кейін 27 ұпай жинаған тараздықтар турнир кестесінде Шымкенттің «Қыран» командасынан 2 ұпай ғана артта келеді. 

Соңғы жаңалықтар