Төрегелді Шармановтың медицина саласына сіңірген еңбегі дүниежүзілік деңгейде жоғары бағаланады - Президент

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Төрегелді Шармановтың медицина саласына сіңірген еңбегі дүниежүзілік деңгейде жоғары бағаланады. Бұл туралы бүгін еліміздің бірқатар азаматын мемлекеттік наградамен марапаттау рәсімінде ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазақ тағамтану академиясының президенті Төрегелді Шарманов Қазақстанның еңбек ері атағына ие болды. Академик дәрігер ұлт саулығын сақтауға, салауатты өмір салтын дәріптеуге айрықша үлес қосып келе жатыр. Әсіресе, індет кезінде жұртқа қажетті мағлұмат беріп, елдің амандығына тілеулес болды. Абыз ақсақал ретінде ұрпаққа шынайы жанашырлығын танытты. Оның медицина саласына сіңірген еңбегі елімізге ғана емес, дүниежүзілік деңгейде жоғары бағаланады», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.


Соңғы жаңалықтар