Төреғали Төреәлі кепілге 10 млн теңге беріп бостандыққа шығады

None
ҚОНАЕВ. ҚазАқпарат - Күні кеше ғана бұзақылық жасағаны үшін қамауға алынған әнші Төреғали Төреәлі бостандыққа шығады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматы облыстық соты баспасөз қызметінің мәліметінше, әншінің қорғаушысы сотқа оны кепілдікпен босату жөнінде өтініш түсірген. Іс бүгін қаралған.

«Кеген аудандық соты күдікті Төреғали Төреәліні 10 млн теңге кепілдікпен босату жөніндегі істі қарады. Кепілдікпен босату ҚР Қылмыстық процессуалдық кодексте қарастырылған»,- делінген Алматы облыстық сотының баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін әлеуметтік желіде белгісіз жігіт Төреғали Төреәлі оның қабағын жарып, жұдырықтағанын жеткізген болатын.

Осы жайттан кейін күдікті деп танылған әнші Төреғали Төреәлі уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.

Оған қатысты Қылмыстық кодекстің 293-бабы бойынша тергеу жүріп жатыр.

Іс Кеген ауданы полиция бөлімінің өндірісінде.


Соңғы жаңалықтар