Төреғали Төрәлінің xалыққа ұрысып сөйлегені рас па

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Әлеуметтік желілерде танымал әнші Төреғали Төрәлінің қылығы кеңінен талқыланып жатыр. Видеода әншінің концертке келген бір адаммен сөзге келіп қалғанын анық байқауға болады, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Төреғали Төрәлінің өзі аталған видеоға қатысты ресми жауап берген жоқ. Оны өкілдері де пікір білдіруден бас тартып отыр. Әнші өзінің Инстаграмм желісінде "ӨТІРІК" деп жазылған бір фотоны ғана салды.

null 

Дәл осы "фото-жауаптан" кейін xалық Төреғалидің видеосына қатысты сан алуан пікірлер қалдырды. Біреулер әншіні қорғаса, енді біреулер жамандап жатыр. "Желідегі видео монтаж болса екен", - деп тілейтіндер де аз емес. "Дұрыс, халық өзі өсіреді, өзі өшіреді. Дегенмен, Төрештің дауысында зіл бар ғой. Əлгі ақсақал аузында аталы сөзі жоқ біреу шығар, расымен көңіліне келетін сөз айтқан болар. Он жерден ел алдында жүре берсін, ол да пенде ғой. Оның да жүрегі бар, көңілі бар. Мен ол видеодан аса қатты əбестік көрмедім. Сауатты ғана жауап берді. Екі сөздің басын қоса алмайтындардың қасында Төреш өте көркем сөйлейді. Нағыз қазақ! Мен оның тыңдарманы емеспін. Қазақтың баласы болған соң ақтап отырмын...", - деп жазды Нұрбол есімді қолданушы.

Әншінің ондай сөзінен кейін залдан шығып кетуге үндеген адамдар да бар. "Халық неге отыр осынша сөз естіп? Барлығы шығып кетпей ме? "Пожалуйста, есік ашық, мен ешкімді ұстамаймын" деп отыр ғой. Халық шығып кетсе көретін едік қалай ән айтанынын. Администраторлардан билеттің ақшасын талап етулері керек еді, егер шын осылай айтқан болса", - деді Амирова деген қолданушы.

Халықтың пікірлеріне қарағанда, концертте үлкен кісілердің біреуі Төреғали Төрәліге "фотоға түсе бермей, әніңді айтпайсың ба" деген сыңайда ескерту жасады. Оны мына видеодан анық байқауға болады.  

Содан ашуға мінген әнші концертке келген барша көрермендеріне көкейінде жүрген ойын жеткізген.

 

Соңғы жаңалықтар