«Топжарған» ән байқауының жеңімпазы анықталды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат -«Хабар» телеарнасында «Топжарған» жобасының финалы өтіп, ән байқауының жеңімпазы анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Үш айға созылған мега шоудың финалына Ақмарал Мамай, Райымбек Сатыбалды, Досжан Үбиев және Әмре шыққан болатын.
null 

Музыкалық байқаудың ережесі бойынша апта сайын төрт қатысушы өнер көрсетіп, оларды жаңадан келген әншілер жекпе-жекке шақырып отырды. Мықты деген төртеуі финалға жетіп, олар өзара бақ сынасты.

Айта кетейік, финалға дейін Әмре мен Досжан жобадан шығып, қайта оралған болатын, ал Райымбек пен Ақмарал ақтық сынға дейін өз орындарын ешкімге берген орындаушылар.

«Өзге қатысушыларға қарағанда Райымбек те, Ақмарал да ерекше. Олардың музыкалық талғамы, вокальдық дайындығы өте жоғары, сондықтан төрт қатысушының ішінен осы екі әншіге басымдық бердік», - дейді Роза Рымбаева.
null 

Финал «Хабар» телеарнасында тікелей эфирде көрсетілді, көрермендер өздеріне ұнаған қатысушыға дауыс берді. Сахнада бірінші болып көрерменнің көзайымына айналған Райымбек Сатыбалды «I got it» әнін орындады. Кейін «Қап, қайтейін» әнімен Ақмарал шықса, Досжан Үбиев «Песня о любви» әнін орындады. Соңғы болып «Бақыт құшағында» әнімен Әмре өнер көрсетті.

Жобаның ережесі бойынша интернетте көп дауыс жинаған қатысушы финалда өзінің қарсыласын таңдауға мүмкіндік алды, ал қалған екі қатысушы өзара сайысады. Нәтижесінде көрерменнің дауыс беруімен Ақмарал Мамай жеңімпаз атанып, ол Райымбек Сатыбалдыны жекпе-жекке шақырды. Райымбек «Unchained melody» әнін, ал Ақмарал «I will survive» әнін орындап, Ақмарал суперфиналға өтті. 

Әмре мен Досжанның жекпе-жегінде Әмре жеңімпаз атанды. Дегенмен Роза Рымбаева «Досжан ең үздік орындаушылардың бірі және солай қала беретіндігін» айтты. Сонымен қатар «Славянский базар» халықаралық байқауына барып қайтуы үшін демеуші болуға дайын екенін де жеткізді.

Суперфиналда Ақмарал «If I ant got you» әнін, ал Әмре «Құстар әнін» шырқап шықты. Орындаушылардың барлығы жоғары деңгейде өнер көрсетті.

«Осы залда отырғандардың көпшілігі Әмренің есімін айтып жатты, бұл әрине түсінікті. Себебі Әмре бұл байқауға дейін көптеген жобаларға қатысып, көрерменнің жүрегінен орын алды. Ол шын мәнінде жоғары деңгейдегі орындаушы. Оның орындаушылық шеберлігі, өзін сахнада ұстауы ерекше, оны эстрада жұлдыздарының арасынан орын алып үлгерген әнші деп білем. Дегенмен біз халықаралық деңгейде елімізді жас әнші танытуы керек деп ойлаймыз. Сондықтан Ақмарал Мамайды таңдадық» - деді Роза Рымбаева.
null 

 «Қатысушыларға үлкен рахмет айтқым келеді, себебі олар алға қарай қадам басты. Бұл тек сіздер үшін емес,  ауылдарда сіздерді қарап, сахнада өнер көрсетуді армандайтын жастар үшін де үлкен қадам. Бізді көріп отырған жастар 2019 жылы «Топжарған» жобасына қатысып, осы сахнада өнер көрсетеді деген сенімдемін», - деді «Хабар» агенттігі басқарма төрағасы Алан Әжібаев.

Ақмарал барлық жанкүйерлеріне алғыс білдіріп, соңында өзіне жеңіс сыйлаған әнді орындады. Сонымен «Топжарған» жобасы мәресіне жетті.

null 

Соңғы жаңалықтар