USD 434.84 EUR 498.2
RUB 5.72 CNY 68.47
Jańalyqtar

Топырақ сынамасы 75 гектардың орнына әрбір 20 гектардан алынатын болады

2021 жылғы 3 желтоқсан 11:46
Бөлісіңіз:
Топырақ сынамасы 75 гектардың орнына әрбір 20 гектардан алынатын болады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Топырақтың агрохимиялық құрамы туралы ақпараттың дәлдігін арттыру үшін сынаманы іріктеу әдісі өзгеріп жатыр. Бүгін Сенаттағы парламенттік тыңдауда Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев осылай айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Әділетті мемлекетте әр істің әділетті қаралуы маңызды – Ақылбек Күрішбаев Сенатор Сәуле Айтпаеваның өкілеттігі тоқтатылды Сенатор Сұлтанбек Мәкежанов Қаржы және бюджет комитетінің мүшесі болып сайланды

«Қазіргі уақытта министрлік жоғарыда аталған проблемаларды шешу бағытында бірқатар шараларды жүзеге асыруда. Өсімдік шаруашылығында, ең алдымен, нақты әртараптандыруды жүзеге асырып, өндіріске ғылыми негізделген ауыспалы егістікті, заманауи ресурс үнемдейтін технологияларды енгізуді басты мақсат ретінде анықтап отырмыз. Сондай-ақ, техникалық жарақтану деңгейін арттырып, тұқым шаруашылығын дамытып, осылардың негізінде саланың тұрақты дамуына жағдай туғызбақпыз. Ол үшін бірінші кезекте жер пайдалану процестерін бақылаудың заманауи әдістемелерін әзірлеп қолданысқа енгізуіміз керек. Бұл жерде ғарыштық мониторинг, Жерді қашықтықтан зондтау мүмкіндігін және топырақтың агрохимиялық құрамын айқындаудың алдыңғы қатарлы әдістерін толығымен пайдалану мақсатында егістіктер мен жайылымдардағы өсімдіктердің түрлік құрамын айқындаудың әдістемелерін арнайы ғылыми бағдарламасы аясында жүзеге асыруды қолға алдық», - деді Е. Қарашөкеев «Ауыл шаруашылығын дамытудың өзекті мәселелері мен перспективалары» тақырыбына арналған парламенттік тыңдауда.

Оның айтуынша, жоспар бойынша оны 2024 жылдан бастап өндіріске енгізуді қамтамасыз етпекпіз. Сонымен қатар, республикалық агрохимия қызметінің жұмысын жетілдіруге қажетті қаржы бөлінбек.

«Топырақтың агрохимиялық құрамы туралы ақпараттың дәлдігін арттыру үшін сынаманы іріктеу әдісі өзгеруде. Енді топырақ сынамасы бүгінгі 75 гектардың орнына әрбір 20 гектардан алынатын болады.

Бұдан басқа, жер инспекциясы қызметін нығайту, оның бірыңғай вертикалын құру және оның аясында топырақтың құнарлылығын бақылау жөніндегі бытыраңқы құрылымдардың мүмкіндіктерін біріктіру есебінен құрылымдық сипаттағы шаралар қабылданатын болады. Сонымен қатар, тұқым шаруашылығы жүйесін тәртіпке келтіру жұмыстарын бастадық. Оның ішінде ғылыми ұйымдарды селекцияның заманауи әдістеріне көшіру мен Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығының ғылыми және тәжірибелі шаруашылықтары негізінде тұқым шаруашылықтарының үйлесімді жүйесін құруды атап айтуға болады. Сол сияқты тұқымдарды бақылаудың цифрлік жүйесін әзірлеу жүргізілуде, бұл бүкіл ел бойынша тұқым материалдарының қозғалысына қатаң бақылау орнатуға мүмкіндік береді», - деді министр.

Оның пайымынша, осының бәрі өсімдік шаруашылығындағы ахуалды өзгертіп, оның даму тұрақтылығын және де бәсекеге қабілеттілігін арттыруда нақты нәтижелерге қол жеткізуге ықпал етеді.

«Тек осылай ғана біз әлемдік азық-түлік нарығындағы бәсекелестікте өз деңгейімізді сақтай отырып, бүгінгі қол жеткізілген экспорттық потенциалымызды одан әрі арттыра аламыз», - деді ведомство басшысы.

Бұдан бұрын хабарланғандай, Ербол Қарашөкеев саладағы негізгі проблемаларды айтты.

Саланы мемлекеттік қолдау мәселелерінде де елеулі кемшіліктер бар. Ең алдымен, бұл субсидиялау тетіктерінің күрделілігі, субсидия алудың шарттарының көптігі.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Руслан Ғаббасов

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT