Топырақ басып қалған 10 айлық сәби жансақтау бөлімінде жатыр - Ақтөбе

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбедегі жағажайда топырақ үйіндісінің опырылуы салдарынан зардап шеккен екі баланың бірі ауыр халде жансақтау бөлімінде жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Кеше бізге 20 сағат 15 минутта бізге топырақтың опырылуынан зардап шеккен екі баланы әкелді. Екі жасар баланың терісі жырылған, бірақ қатты зақым келмеген. Оны амбулаториялық емдеуге жібердік. 10 айлық бала ауыр халде, оның аяқ-қолы сынған, ішкі органдары зақымданған», - дейді Ақтөбе медициналық орталығының балалар стационары медициналық директорының міндетін атқарушы Сағидолла Досмағамбетов.

Жарақат салдарынан бала есеңгіреп қалған.

«Оны жансақтау бөліміне жібердік, шокқа қарсы терапия қолдандық. Бала ауыр халде жатыр», - деді ол.

Еске сала кетейік, Ақтөбе қаласындағы «Інжу» жекеменшік жағажайында демалып жатқан адамдарды топырақ үйіндісі басып қалған болатын. Соның салдарынан 2017 және 2016 жылы туған кішкентай қыздар зардап шеккен.

 

 

Соңғы жаңалықтар