+7 (701) 759 90 19
USD 377.09 EUR 407.37
RUB 5.93 CNY 53.95
Jańalyqtar

ТОП-10: Қазақстандықтар қандай көліктерді жиі сатып алады

2020 жылғы 13 ақпан 21:48
Бөлісіңіз:
ТОП-10: Қазақстандықтар қандай көліктерді жиі сатып алады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстан автобизнес қауымдастығы автокөлік нарығындағы сатылым бойынша 2020 жылдың алғашқы айын қорытындылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Елордада түрік шайын таныстыру шарасы өтеді Ақмола облысында алтын өндіретін зауыт салынады Қазақстанның кейбір аумақтарында жолдар ашылды

2020 жылдың қаңтар айында Қазақстанның автокөлік нарығындағы сатылым 2019 жылдың қаңтар айымен салыстырғанда 20,2 пайыздық өсімді көрсеткен. Қазақстан автобизнес қауымдастығының мәліметіне сәйкес, ресми диллерлер өткен айда 1 951 жеңіл автокөлік пен жеңіл коммерциялық техника, 393 жүк көлігі мен автобус сатып үлгерген.

«Автокөлік сатылымы қаңтар айында дәстүрлі түрде жылдың ең төменгі көрсеткішін көрсетеді. Десе де 2020 жыл қазіргі трендті жалғастырары анық. Наурыз айындағы сатылым жалпы 2020 жылға болжам жасауға мүмкіндік береді», - деді ҚАБҚ вице-президенті Анар Мақашева.

Қауымдастықтың ұсынған мәліметіне сәйкес, кейінгі бес айда сатылым жағынан Hyundai ешкімге есе жіберер емес. Қостанайда өндірілетін көліктің қаңтар айында 1136 данасы өтіп кеткен. B+ класындағы нарыққа Ravon (667) көліктерінің кіруімен ресейлік Lada (917) көлігіне де бәсекелес пайда болды. Toyota төртінші орынға (710) табан тіреді. Одан кейінгі орындардан Kia (525), Renault (249), Volkswagen (156), Lexus (125), Nissan (114) мен Skoda (63) тұр.

Жеңіл автокөліктердің модельдері жағынан рейтингте өзгерістер баршылық. Қаңтар айында Ravon R3 (449), Lada Granta (448), Hyundai Tucson (362) үздік үштіктен көрінді. Төртінші орында Hyundai Creta (329) тұр. Одан кейінгі тізім мынадай: Toyota Camry (268), Kia Rio (255), Lada Vesta (218), Ravon R4 (216), Hyundai Accent (179) және Hyundai Elantra (171).


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Өнеркәсіп, Қоғам, Көлік,
Бөлісіңіз:

Автор:

Аян Бекенұлы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059

MURAǴAT