Тоңдым деп біреудің көлігін айдап кеткен азамат ұсталды

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысында суық аязда тоңып кеттім деген желеумен біреудің көлігін мініп кеткен азамат ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Полиция қызметкерлері «Мазда-626» маркалы көлігін заңсыз иемденген 30 жастағы Үшарал қаласының тұрғынын қолға түсірді. Түсініктеме беру кезінде күдікті аязды күні үйіне жаяу қайтқысы келмей көзіне бірінші түскен көлікті айдап кетуіне мәжбүр болған. Ол сымдарды бір-біріне тигізу арқылы темір тұлпарды оталдырып жүргізген. Бірақ діттеген жеріне жете алмай қалған. Себебі патрульдік полиция қызметкерлері алдынан шыға келген.

Көлікті заңсыз иемдену фактісі бойынша ҚР ҚК 200-ші бабы бойынша қылмыстық іс қозғалып, автокөлік заңды иесіне қайтарылды. Ал күдіктіге бұлтартпау шарасы қолданылды.

Айта кету керек, жыл басынан бері тәртіп сақшылары төрт автокөлік ұрлаған азаматты қолға түсірген.

Соңғы жаңалықтар