Тоңазытқыштан өлі табылған егіздердің ағасы Өзбекстанға жіберілді

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда әке-шешесінен тірідей, бауырларынан өлідей айрылған Равиль Волченконы әжесі Нұрия Гильмутдинова Өзбекстанға алып кетті. Бұл туралы қалалық Білім басқармасының қамқоршылық және қорғаншылық бөлімінің мамандары ҚазАқпарат агенттігінің арнайы сауалына жауабында айтты. 

Равильдің егіз бауырын ата-анасы тұншықтырып өлтірген болатын. Қаңғырып жүрген баланы қала тұрғындары тауып алып, арнайы органдарға жеткізген.

Осы уақытқа дейін бала қаладағы балалар үйінің бірінде тұрып келген.

Жақында Медеу аудандық қорғаншылық пен қамқорлық бөлімі баланы әжесіне берді.

«2018 жылдың 19 ақпанында № 06-03/52 Медеу ауданы әкімінің өкімімен 2015 жылдың 29 мамырында туылған Волченко Равиль  Эмилұлына әжесі Гильмутдинова Нұрия Шакировна қамқоршы ретінде бекітілді. Осы мақсатта бірқатар шара жасалды. Әжесі мен немересінің туыстық қатынасын дәлелдейтін ДНҚ талдауы жасалды. Қорытындыға сәйкес, Гильмутдинова Нұрия баланың әжесі екендігі дәлелденді», - деді қалалық Білім басқармасынан.

Сонымен қатар, 2018 жылдың 3 наурызында Медеу ауданы қорғаншылық және қамқоршылық органы Волченко Алла Александрқызын ата-аналық құқығынан айыру туралы сотқа талап арыз берді.

Еске сала кетсек, 11 қыркүйекте жантүршігерлік оқиға Түріксіб ауданында болған. Көппәтерлі үйлердің бірінде тоңазытқыштың ішінен сәбилердің мүрдесі табылды. Сол күні Медеу ауданында адасып жүрген екі жастағы ер бала полицияға жеткізілді. Бала өлген егіздердің ағасы екені анықталды. Егіздердің өліміне күдікті ретінде олардың ата-анасы ұсталды. 

15 желтоқсанда Алла Волченко - 18 жылға, Эмиль Гильмутдинов  20 жылға бас бостандығынан айрылды.

Иллюстративное фото с сайта o.aolcdn.com

Соңғы жаңалықтар