USD 435.1 EUR 493.27
RUB 5.69 CNY 68.63
Jańalyqtar

Тоңазытқышта өлген сәби: Атырауда перзентхана дәрігерлеріне сот үкімі шықты

2021 жылғы 18 қаңтар 21:50
Бөлісіңіз:
Тоңазытқышта өлген сәби: Атырауда перзентхана дәрігерлеріне сот үкімі шықты

АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Бүгін Атырау соты облыстық перинаталдық орталықтың дәрігерлеріне жаңа туған нәрестені қасақана өлтірді деген айыппен үкім шығарды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының шешімімен кінәлі деп танылған облыстық перинаталдық орталықтың бұрынғы бас дәрігері Қуаныш Нысанбаев - 18 жылға, акушер-гинеколог Асқар Қайыржан 16 жылға, акушер Жәмила Құлбатырова 15 жылға бас бостандығынан айырылды. Оларға ҚР Қылмыстық Кодексінің 99-бабы, 2-бөлігі, 3,7,14-тармақтарымен айып тағылды. Неонатолог дәрігерлер Руслан Нұрмұхамбетов пен Дариға Жұмабаеваның үш жылға бас бостандығы шектелді. Олар қылмыс туралы хабарламағаны үшін сотталды» деп хабарлады облыстық соттың баспасөз қызметі.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Атырау дәрігерлері нәрестені тоңазытқышқа салып өлтірді деген күдікке ілінген еді.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Бек Мұстафа

Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059

MURAǴAT