+7 (701) 759 90 19
USD 412.55 EUR 468.66
RUB 5.79 CNY 58.80
Jańalyqtar

Тоңазытқышта бір жыл сақталатын алма шығарылды

2019 жылғы 2 желтоқсан 09:48
Бөлісіңіз:
Тоңазытқышта бір жыл сақталатын алма шығарылды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - АҚШ-та тоңазытқышта бір жыл сақталса да бүлінбейтін жаңа алма сұрпы сатыла бастады, деп хабарлайды ҚазАқпарат BBC-ге сілтеме жасап.

Жаңа алманы сұрыптап шығаруға 20 жыл кеткен. Cosmic Crisp деп аталатын алманы Вашингтон штатының университеті ғалымдары Honeycrisp және Enterprise гибрид сорттарынан алғаш рет 1997 жылы шығарған.

Вашингтон штатының фермерлері бұл сұрыпты алдағы 10 жыл тек қана өздері өсіруге эксклюзив құқық алған.

«Бұл қатты әрі нәрлі қышқыл-тәтті дәмі бар алма», - дейді университеттің осы сортты селекциялау бағдарламасын басқарған Кейт Эванс.

Оның айтуынша, алма тоңазытқышты 10-12 ай сақтау кезінде өзінің қызыл түсі мен керемет дәмін өте баяу жоғалтады.

Қазіргі уақытта штатта осы алманың 12 миллион түп ағашы егілген. Алайда лицензия жүйесінің қатаң талабы оны Вашингтон штатынан басқа жерде өсіруге рұқсат бермейді.

Бастапқыда алма түрі WA38 деп белгіленген, кейін түнгі жұлдызды аспанға ұқсайтын ақ дақтары көп болғандықтан Cosmic Crisp деп аталған.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

#Әлем  
Бөлісіңіз:

Автор:

Жәнібек Амангелді

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT